деп хабарлайды Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі.
2012 жылдың 14 қаңтарында ІІБ-ның кезекші бөліміне бір азамат хабарласты. Белгісіз біреу пластик терезесін сығып алу жолымен пәтеріне кіріп, жеке заттары мен тұрмыстық техниканы ұрлап әкеткен.
Пәтер тонаулары мен оларды жүзеге асыру жолдарын салыстыра келе жедел қызметкерлер күдіктінің ізіне шықты. Анықталғандай, өзбекстандық азамат бұрын бірнеше рет сотталған, Астанаға «табыс табу үшін» келген. Баукеспе талай пәтерлерді тонаған, ұрлықты негізінен қаланың Сарыарқа ауданында жасаған. Оның уақытша тұрғылықты жері бойынша бөлмені тексеру кезінде ұрланған заттар, аудио және бейнетехника, алтын бұйымдары табылып, тәркіленді.
Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта Астана қаласын ІІД-нің уақытша тергеу абақтысына қамалды.