деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
23 наурыз күні сағат 15.45 кезінде тозып кетуі салдарынан 200 миллиметрлі су құбыры жарылды. «Нәтижесінде, №1 қалалық аурухана, Скрябин көшесіндегі №6 үй, Бейбітшілік көшесіндегі №№47,40,42,44,44/1,42 а,40/1 үйлері сусыз қалды», - делінген таратылған ақпаратта.
Төтенше жағдайды ауыздықтауға «Астана су арнасы» МКК 12 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.