Шараны БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы, ҚР Жоғарғы соты және Қазақстан судьяларының одағы ұйымдастырып отыр. Дөңгелек үстелге қатысушылар «Бітімшілік процедуралары туралы (медиация)» заң жобасын талқылайды. Заң жобасы жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын азаматтық, отбасылық және еңбек қатынастарындағы дауларға қатысты бітімшілік процедураларын реттеуге бағытталған. Дөңгелек үстелдің жұмысына Жоғарғы соттың және жергілікті соттардың судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Шарада халықаралық сарапшы ретінде ТМД елдерінде медиацины енгізуде мол тәжірибесі бар Украина келісім орталығының президенті Роман Коваль сөз сөйлейді.
15:53, 20 Мамыр 2010
Астанада бітімшілік процедуралары туралы заң жобасы талқыланады
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең Астанада Қазақстанда бітімшілік процедуралары институтын енгізудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.