«2011 жылы Балалар үйінде жанұяны қолдау қызметі ашылған. Ондағы мақсат - баланы жанұяда тәрбиелену құқығын орындау. Статистикаға сүйенсек, 3 жылда 60-қа жуық бала өз жанұясын тапты», - деді Астана қаласы балалар үйінің директоры Гүлмира Кәрібаева.
Бүгінде Астанада ата-анасының қарауынсыз қалған 1029 қаракөз болса, оның 383-і интернаттық мекемелерде тәрбиеленіп жатыр. Астанада жалпы 578 отбасы бала асырап алған.