Астанада биыл қанша тұрғын үй жөнделетіні белгілі болды
2018 жылы «Сарыарқа» ауданында аталмыш бағдарлама бойынша 6 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айталық Ә.Жангелдин көшесіндегі 3-үйде үш лифті ауыстырылады. Аспара көшесіндегі 26, Кубрин көшесіндегі 20/1 тұрғын үйлерде жалпы сомасы 177,5 млн теңгеге тоғыз лифт ауыстырылды.
2019 жылы 9 тұрғын үйдің 11 лифтісін ауыстыру жоспарланған. Атап айтқанда, бұл Самал шағын ауданындағы 1, 10 үйдің, сондай-ақ осы шағын аудандағы 2, 3, 4, 6, 8, 9-тұрғын үйдің әрқайсысында бір лифтіден ауыстырылады. Кубрин көшесіндегі 22/1 (1 лифт) үйде жеделсаты ауыстырылмақ.
Осы бағдарламаны іске асыру басталғалы Сарыарқа ауданындағы 33 үйде жөндеу жұмыстары, 12 үйде (24 лифт) жеделсатыларды ауыстыру жүргізілді.
Өткен жылы Алматы ауданында аталған бағдарлама аясында 7 үйге ағымдағы жөндеу жүргізілді, 8 лифт ауыстырылды.
Сондай-ақ, қаланың Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы апатты үйлерді күреу, тұрғындарын көшіру жұмыстарын жүргізуде.
Өткен жылы «Железнодорожный» тұрғын алабында екі тұрғын үйдің тұрғындары басқа жаққа көшіріліп, ескі ғимараттар бұзылды. Сонымен қатар, «Тұрсын Астана» тұрғын үй кешенінде «Ақылды үй» жобасы жүзеге асырылды. Мұнда кіреберістерді жөндеу, қозғалыс датчиктері бар қуат үнемдейтін шамдар, барлық лифт кабиналарына электрондық табло, тұрғын үй кешенінің қасбеттері мен кіреберістеріне 300 бейнебақылау камерасы орнатылды.
Ағымдағы жылы 7 көппәтерлі тұрғын үйді (М.Жұмабаев даңғылы 5, Күйші Дина 42/2, В.Маяковский 7, Ғ.Мүсірепов 6/2, Манас 23/5, Қ.Сәтпаев 7/1,8) жөндеу, 25 жеделсатыны ауыстыру жоспарланған.
Оның ішінде 11 лифт бойынша қазіргі уақытта құжаттық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Қалғандарында техникалық іс-шаралар жүргізілді. «Өндіріс» тұрғын алабында Шалкөде көшесіндегі №8 және №10 апатты үйлер күрелетін болады. Қазір тұрғындарды көшіру жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.
Бұдан басқа, қызмет көрсету ұйымдары 25 үйдің шатырын жөндеуге мақсатты қаражат жинау, 116 үйдің ішіндегі инженерлік желілері мен жабдықтарын ауыстыру, 220 үйдің бейнебақылау жүйесін орнату, 412 үйдің кіреберістерін жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.
Байқоңыр ауданында 2018 жылы Бараев көшесіндегі 10 және Ж.Тәшенов көшесіндегі 7/1, Сейфуллин көшесіндеі 35 үйлердегі 6 лифт жабдығы ауыстырылды.
2019 жылы Абай көшесіндегі 80/1, 80/2 және Егемен Қазақстан көшесіндегі 11-үйлеріндегі бойынша орналасқан 3 үйді жөндеу және 2 КПТҮ-де 7 лифт жабдығы ауыстырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Янушкевич көшесіндегі №12, №12/1 жатақханаларды жөндеуге қаржы бөлінді, қасбетті, санитарлық тораптарды, электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының бастамасымен Ж.Досмұхамедұлы көшесіндегі № 4, 6 үйлердің жертөлесін құрғатылды. Мұнда орталық жүйеге қосылған кәріз желілері қалпына келтірілді. Ақжол көшесіндегі №28а үйде нженерлік желілер (тіреуіштер, бойлерлер, құбырлар) ауыстырылды.
«Нұрлы жер» бағдарламасының пилоттық жобасының екінші кезеңін іске асыру шеңберінде 2018 жылы 113 отбасы тұратын 8 тұрғын үй (Ойыл көшесі, 2а, А. Толстой көшесі, 7а, 7б, Б. Бейсекбаев көшесі, 17/1, 6, 7, Ойыл көшесі, 17, Севастопольский тұйық көшесі, 17) бұзылды. Олардың барлығы елорданың басқа аудандарына қоныс аударды. Байқоңыр ауданында барлығы 20 шағын отбасылық жатақхана бар, ондағы 2 908 бөлмеде 5 816 адам тұрады. Барлық ғимараттардың жалпы ауданы 69 мың шаршы метрді құрайды. Олардың барлығы 90-шы жылдардың басында жекешелендірілді. Бұл ретте жатақханалардың көпшілігінде қызмет көрсететін ұйымдар жоқ (тек 2-де ғана бар), соның нәтижесінде қоқыс жиналып, инженерлік желілер мен конструкциялар тозды, жарықтандыруда проблемалар бар. Жүргізілген халық санағы және жатақханаларды тексеру барысында ғимараттың 50%-дан астамы тозған, ал тұрғындардың 80%-ға жуығы пәтер иелері екені анықталған.
Айта кетерлігі, лифт саны және олардың жылдамдығы КПТҮ әрбір қабатындағы пәтерлер санына сәйкес есептеледі. Егер көп қабатты ғимаратта 2 немесе одан да көп лифт жабдығы орнатылса, ал іс жүзінде барлық лифті жұмыс істемесе, бөлшектер мен лифт арқандары тозады. Бұл апаттық жағдайлар соқтыруы мүмкін.
Астана бойынша Өңірлерді дамыту бағдарламасы барысында барлығы 101 КПТҮ жөндеу жұмыстары жүргізілді. 59 КПТҮ-дегі 135 лифт жабдығы ауыстырылды.