Астанада биылғы 7 айда 100 мың тоннадан астам азық-түлік өнімдері өндірілген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 2014 жылдың 7 айында 113 577 тонна азық-түлік өнімдері шығарылған. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, 2014 жылдың қаңтар-шілде айларында 10 357 тонна макарон өнімдері (2013 жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 119,0 %), 537 тонна сүт пен кілегей (2013 жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 100,4%), 89 990 тонна ұн (2013 жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 88,2%), 11 987 тонна жаңа пісірілген нан (2013 жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 88,9%), 706 тонна шұжық өнімдері (2013 жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 120,0%) шығарылған.

Атап өту керек, 2013 жылы астаналықтар 570 мың тонна, яғни күніне 1,5 мың тонна тамақ өнімдерін тұтынған.

«Астананың өз өндіріс орындарының есебінен қала нан, макарон өнімдері және ұнмен толық қамтамасыз етіліп отыр. Қаланың азық-түлік тұтыну көлемінің 35%-ы, яғни 190 мың тоннасы азық-түлік белдеуінен жеткізілсе, қалғаны басқа аймақтар мен шетелдерден тасымалданады», делінген хабарламада.