Астанада биылғы веломаусым 25 сәуірде басталады
13:56, 24 Сәуір 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертеңнен, яғни 25 сәуірден бастап елордада «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, велосипедтер мен абонементтерді сатып алу таңғы сағат 9:00-ден бастап қолжетімді болады.
Велосипедтер мен велостансаларды іске қосу қала бойынша кезең-кезеңімен жүреді, яғни:
25 сәуірде: 600 велосипед пен 76 велостанса
26 сәуірде: 100 велосипед+ 20 велостанстанса
27 сәуірде: 100 велосипед + 22 велостанса
28 сәуірде: 100 велосипед+ 22 велостанса
29 сәуірде: + 14 велостанса.
Сәуір айының соңына дейін барлығы 154 велостанса мен 900 велосипедті іске қосу жоспарланған.
Абонемент сатып алу, веложалдау бойынша бүкіл ақпарат velobike.kz сайтында жарияланған.
Велосипедтерді пайдалану 24/7 қолжетімді.