Астанада «Біз таза қала үшін» акциясы өтеді

АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астана қаласының әкімдігі Есіл экологиялық департаментімен бірлесіп ертең коммуналдық сенбілік өткізеді. Бұл шара «Біз таза қала үшін» акциясының ауқымында ұйымдастырылғалы отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сарыбұлақ жылғасының жағасында өз қаласының таза болуына ниетті барлық елордалық тұрғындар жиналмақ. Сенбілікке сондай-ақ меншіктің барлық түріндегі ұйымдар, оқу орындары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатыспақ.

Сенбілік тамыздың 9-ында «Біз таза қала үшін» акциясына ұласады. Оған «ЭКОлайт» қоғамдық бірлестігі мен Астана қалалық ішкі саясат департаменті бастамашы болды.

Акцияға қатысушылар қаланың су жолының (Есіл өзенінің жағалауы, оның Ақбұлақ және Сарыбұлақ жылғалары) ластанған учаскелерін тазартады.

Ал сол күні сағат 16-да елордалық саябақта екі күндік акцияның қорытындысы шығарылып, ол ағартушылық-ойын сауық думан бағдарламасымен аяқталады. Оған Астана қаласының КТК командасы, қаланың вокалды-аспаптар ансамбльдері мен би ұжымдары қатысады.