Концертке келген балалар мен олардың ата-аналарын құттықтаған Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықова Қазақстандағы балалардың ең бірінші қамқоршысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсiздiк алған алғашқы жылдары балаларды қорғау туралы конвенцияға қол қойғанын атап өтті.
«Бұдан кейiн 60-қа жуық әр түрлi конвенциялар қабылданды, соның iшiнде 15 құжат балалардың құқығын қорғауға тiкелей байланысты. Қазiргi кезде заманға сай жай көптеген заңдар әзiрлендi. Балаларға арналып ғимаратта салынып жатыр. Әр облыста Назарбаев зияткерлiк мектептерi ашылды. Дарынды балаларға арналған мектепте бар. Спорт кешендерi бой көтеруде. Бұның бәрi елiмiздегi тыныштық пен келiсiмнiң нәтижесi деп бiлемiз», - дей келе Мемлекеттік хатшы Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, проблемаларды шешетін күн екенін атап өтті.
«Әрине, бұл күнi бiз балаларды құттықтап, жетiстiктерiңiздi айтамыз. Сонымен қатар, әрине, бұл күн балалардың проблемасын айтып, мемлекеттiң, қоғамның, ата-аналардың көңiл аударуын талап ететiн күн деп ойлаймын. Бүгiнде түйiткiлдер бар, әлбетте. Бұл - мүмкiндiгi шектеулi балалардың мәселесi. Олардың саны 140 мыңнан асады, соның iшiнде тек 60 мыңға жуығының ғана инклюзивтi бiлiм алуға мүмкiндiгi бар. Мемлекеттiк ұйымдарда жетiм балалар тәрбиеленiп жатыр. Әрине, барлық балалардың ата-анасы болуы қажет. Тұрмысы нашар отбасылар бар.
Үш ауысымда оқытатын және апаттық мектептер, балабақшалар жетiспеушiлiгi мәселесi де жоқ емес. Осы түйiткiлдердi шешуiмiз керек»,-деді Г.Əбдіқалықова.