Шараның мақсаты - донорлық институттың беделін арттыру және қоғамның донарлар қызметіне алғсы нормаларын бекіте түсу болмақ. Мұндай шара елордада екінші рет ұйымдастырылғалы отыр. Алғашқы осындай акцияға қор 50-ден астам ерікті донорларды тартқан болатын. Ұйымдаструшылар бұл жолы оған қатысушылар саны көбейеді деп үміттеніп отыр.
Донорлық қозғалыс талай жанның өміріне арашашы болып келе жатқаны мәлім. Сонымен қатар ол адамдардың бойында жоғары адамгершіл ұстанымдарды қалыптастыруға жәрдемдеседі. Ұйымдастырушылар Астанадағы трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында (бұрынғы қан құю орталығы) өтетін шараға жұртшылық белсене қатысады деп сенеді.