Аталмыш шара ең алдымен мектеп оқушыларына ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын түсіндірумен тікелей байланысты болып отыр. Осылайша, №63 орта мектептің 1-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге И. Панфилов ескерткішінің алдына жиналды.
Шара барасында оқушылар Жеңіс күніне арналған өлеңдерді оқып, танымал «Катюша» әнін орындады.
Акция аясында қатысушыларға атақты генералдың өмірі мен 28 гвардияшы-панфиловшылар туралы деректер айтылды. Сонымен қатар, оқушылар аталмыш ескерткіштің авторы, жас сәулетші, «Шабыт - 2013» халықаралық жастар фестивалінің лауреаты Ринат Әбеновпен кездесті.
Шарадан кейін оқушылар «Қазарт» Қазақстан көркем комбинаты» ЖШС ғимаратында болып, көркемдік-өндірістік жұмыстармен танысты.