"Өрт Бейбітшілік көшесіндегі «Драфт» дәмханасынан шықты. Дәмхана төрт қабатты «Өркен» бизнес орталығының ғимаратында орналасқан. Шақыртудың үшінші нөмірі жарияланды", - деп мәлім етті Р.Иманқұлов.
Оқиға орнына жеке құрамның 60 адамы және мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің 25 техникасы жұмылдырылған.
"Толыққанды ақпарат кейінірек хабарланады. Зардап шеккендер жоқ", - деді ресми өкіл.