Астанада білім беру гранттарына құжат қабылдау басталады

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 5-10 тамыз аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында ЖОО-ларға құжат қабылдау өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Конкурсқа қатысу үшін үміткер өтінішін жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына төмендегі бағыттар бойынша тапсырады:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
• Психология.

А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:

• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі.

Astana халықаралық университеті:

• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
• Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
• Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
• Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;
• Психология.

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті:

• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
• Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
• Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
• Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті:

• Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
• Математика пәні мұғалімдерін даярлау.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Astana медициналық университеті:

• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Психология;
• Дефектолог;
• Логопед;
• Олигофренопедагог;
• Тифлопедагог;
• Сурдопедагог.