Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

Фото: Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Әлем кубогы 30 маусым - 6 шілде аралығында Астана қаласында өтеді.

Оған әлемнің үздік былғары қолғап шеберлері қатысады деп жоспарланып отыр. Ел құрамасы онда бірінші құрамымен шаршы алаңға шығады.

Әлем кубогы елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing аясында өткен бокстан әлем кубогында Дәулет Төлемісов (85 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Жазира Орақбаева (51 келі) чемпион атанды.

Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) қола жүлдеге қол созды.

Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Әзірге оның қайда өтетіні белгілі болған жоқ.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстанның 17 жасқа дейінгі боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын алды.