Астанада бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) директорлар кеңесі Ташкентте (Өзбекстан) өткен ресми жиында бокстан әйелдер арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Халықаралық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Қазақстан сынды қуатты бокс күші IBA-ның ірі турнирлерінің бірін өз жерінде өткізетініне қуаныштымын. Жарыс 2016 жылы Астанада өткен болатын, енді күшейіп қайта оралмақ. Себебі біз жүлде қорын екі есеге арттырдық. Бірінші орын иеленген боксшылар 200 000 мың АҚШ долларын алатын болса, жарыстың жалпы жүлде қоры – 4,8 миллион АҚШ доллары. Бұл соманың ішіне құрама жаттықтырушыларына тиесілі 10% да кіреді. Мен керемет чемпионатты тағатсыздана күтемін және келесі жылы барлық боксшыларды Астанада қарсы алуға қуаныштымын», - деді IBA президенті Умар Кремлев.