Бұл туралы ҚазАқпаратқа Қазақстанның Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұл федерацияның ағымдағы жылға жоспарлаған спорттық-бұқаралық, сауықтыру шаралары мен негізгі республикалық және халықаралық бокс жарыстарының күнтізбелік жоспарындағы алғашқы республикалық спорттық жарыс.
Чемпионатқа облыстардан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 14 команда қатысады.
Федерацияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, чемпионаттың негізгі жекпе-жектерін, жартылай финал мен финалдық кездесулерді «Қазақстан» телеарнасы трансляциялайтын болады.
Турнир қаңтардың 24-іне дейінгі аралықта «Дәулет» спорт кешенінде өтетін болады.