АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы мамырдың 5-і мен 11-і аралығында елорда төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент Кубогы додасына қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен бөлек 12 елден келген боксшылар өзара мықтыны анықтайды.
Қазір Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құрама мүшелері Украинада кезекті бірлескен оқу-жаттығу жиынында жүр.
Фото: img.prosports.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.