Билеттерді онлайн сату Freedom Ticketon платформасында жүзеге асырылады.
Турнир 2026 жылғы 29 шілде — 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді. Іс-шара фиджитал-спорт форматындағы халықаралық жарыстардың бірі, дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияларды біріктіреді.
Жарысқа 50-ден астам елден 800-ден астам спортшы қатысады деп күтіледі. Қатысушылар халықаралық клубтық командалар құрамында сынға түседі.
«Болашақ Ойындары 2026» бағдарламасына келесі дисциплиналар енгізілген: фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, королевалық шайқас, фиджитал-шутер, фиджитал-би, MOBA (PC), MOBA (mobile) және фиджитал-жекпе-жек түрлері.
Аталған дисциплиналар киберспорт пен дәстүрлі спорт элементтерін біріктіретін жаңа форматтағы жарыстар.
Ұйымдастырушылардың деректеріне және IPSOS халықаралық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, «Болашақ Ойындары 2025» ауқымды халықаралық қызығушылық көрсетті. Турнир трансляциялары 461 миллионнан астам қаралым жинап, 137 миллионнан астам бірегей көрерменді қамтыды. Оқиға әлемнің жетекші медиа платформаларында тікелей эфирде көрсетілді.
«Болашақ Ойындары 2026» — спорт, технология және цифрлық индустрияны біріктіретін халықаралық спорттық экожүйе.
Министрлік комитеті аталған жобаның Қазақстанда өткізілуі елдің спорт саласын дамыту, инновациялық спорт түрлерін енгізу және халықаралық спорттық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы басымдықтарға сәйкес келетінін атап өтеді.
— Билеттер саны шектеулі. Сатылған билеттер қайтарылмайды, — деп ескертті ұйымдастырушылар.
«Болашақ Ойындары 2026» Астанада 2026 жылдың жазындағы ірі халықаралық спорттық іс-шаралардың бірі ретінде саналады.
Бұған дейін Астана 2026 жылы өтетін Болашақ ойындарының эстафетасын қабылдағанын жазғанбыз.