«Болашақ ойындары – 2026»: Астанаға 800-ден астам қатысушы келеді

АСТАНА. KAZINFORM — 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана цифрлық және дәстүрлі спорт түрлерінің басын қосатын фиджитал спорттың әлемдік алаңына айналады.

Фото: Астана әкімдігі

Ел астанасында жаңа буын жарыстарының 12 күндік бағдарламасына 50-ден астам ұлт өкілінен құралған халықаралық клубтардың құрамындағы 800-ден астам қатысушы, технологиялық брендтер мен мыңдаған көрермен бас қосады. Бұл додада спорт пен шоу өзара тоғысады.

«Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) бағдарламасына мыналар кіреді: фиджитал футбол; фиджитал баскетбол; корольдік шайқас; фиджитал шутер; фиджитал би; MOBA PC; MOBA Mobile; фиджитал жекпе-жек.

Ұйымдастырушылар мен IPSOS халықаралық зерттеу компаниясының деректеріне сәйкес, «Болашақ ойындары – 2025» (GOTF 2025) турнирі бұл форматқа әлемдік қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті: 850-ден астам қатысушы; әлем бойынша 461 миллионнан астам онлайн қаралым; 137 миллион бірегей көрермен.

Сондай-ақ «Болашақ ойындары – 2025» турниріне ондаған мың көрермен қатысып, жарыстардың трансляциясы әлемдегі жетекші медиаплатформалар мен стримингтік сервистер арқылы көрсетілді.

Еске салайық, іс-шара билеттерінің сатылымы басталып кетті. Билеттерді онлайн платформалар арқылы сатып алуға болады.

Айта кетелік Астанада «Болашақ Ойындары 2026» билеттерінің сатылымы басталды