Астанада болатын Дэвис кубогі жарысындағы алғашқы кездесуінде А. Голубевтің жеңіске жетуіне барлық мүмкіндігі бар - Ресей теннис қауымдастығының президенті Ш. Тарпищев
ертең Астанада басталатын Дэвис кубогі жарысындағы алғашқы кездесуінде А. Голубевтің жеңіске жетуіне барлық мүмкіндігі бар деп есептейді. Бүгін ол бұл туралы жеребе тарту рәсімінде айтты.
Қыркүйектің 17-дегі ашылу салтанатынан кейін, алғашқы кездесуде А. Голубев швейцариялық Марко Сьюдинеллиге қарсы ойнайтын болады. Ш. Тарпищев өзінің бұрынғы тәрбиеленушілеріне қолдау көрсету үшін елордаға арнайы ат басын тіреген. «Меніңше Голубевтің бірінші ойнайтыны жақсы, жеребе сәтті тартылды. Себебі А.Голубев жеңіске жетеді деген мүмкіндік басым. Есеп 1:0 болса, М. Кукушкинге алаңдайтын ешнәрсе қалмай, оған бұл жайт психикалық тұрғыда оңай тиетіні сөзсіз», деп атап көрсетті ол.
Ертең, Астанадағы Ұлттық теннис орталығында «Дэвис кубогы» әлемдік тобының плей-офф сынында Егор Шалдунов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы өз кортында швейцариялық спортшыларды қабылдайды. Алғашқы Андрей Голубев пен Марко Сьюдинелли кездесуінен кейін, М.Кукушкин мен Станислас Вавринка жұбы күш сынасатын болады.