Астанада болған апат салдарынан 900-ден астам пәтер сусыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Алматы» ауданында тұрғын үй кешендерінің 11 блогы апат салдарынан сусыз қалды, деп хабарлайды аудан әкімі Әділбек Сәрсембаев.

Оның айтуынша, диаметрі 500 мм болатын магистральдік су құбыры жарылып, салдарынан Қобланды батыр көшесінің Бурабай көшесімен қиылысын су алды.

«Қазіргі сәтте суды сорғызуға 20-дан астам ассенизаторлық көлік жұмылдырылды. Тұрғын үй кешендерінің 11 блогына, яғни 900 пәтерге су беру тоқтатылды. Болжаммен 3 сағатта бәрі қалпына келеді. Барлық қызметтер апат орнында жұмыс істеуде. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және уақытша ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында Сәрсембаев.