хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Өрт Сарыарқа ауданы «Өндіріс» тұрғын аумағындағы Т.Шонанұлы, 10 мекен-жайында орналасқан жекеменшік тұрғын үйден, сәуірдің 25-і күні таңертеңгі 6 сағат 12 минутта шыққан. Жалынның жарпыған аумағы 80 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар өртті сөндіру барысында 40 жастағы әйел мен 13 жастағы қыздың мәйіттерін тапты.
Тілсіз жау ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің жеке құрамдағы 30 адамы мен 5 техникасының күшімен 3 сағаттан кейін ауыздықталды.