Астанада болған өрт салдарынан ер адам иіс тиіп уланды

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - 9 қыркүйек күні сағат 02:49-да Астана қаласындағы Алматы ауданы Оңтүстік-Шығыс шағынауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды.

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

 Өрт сағат 03:19-да ауыздықталып, 03:37-те толықтай сөндірілді. Оған  ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 12 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.

 Жалын тілі 15 шаршы метр жерге тарады. Иіс тиіп уланған 32 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді