15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес кеше, қаңтардың 13-і сағат 11.56-да Ә.Молдағұлова көшесіндегі 24-ші үйде орналасқан төрт қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында газ баллонының жарылуы болды. 60 шаршы метр аумаққа жайылған өрт барлығы үш пәтерді жалмады. Төтенше оқиғада 4 адам түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Тағы 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Тілсіз жау Астана қаласы ТЖД өртке қарсы қызметінің 23 адамы мен 7 техникасының күшімен 2 сағатқа жуық уақыттан кейін ауыздықталды.