Астанада бөлшек сауда салығы 3 пайызға дейін төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бөлшек сауда салығы бойынша арнаулы салық режимін қолданатын елордалық кәсіпкерлерге ставканың 3 пайызға дейін төмендегенін хабарлады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша мыңнан астам салық төлеуші аталмыш режимді қолданады.

Естеріңізге сала кетейік, режимді қолдану шарттары туралы қызметкерлердің саны 200 адамнан аспауы керек, жылдық кірісі 600 мың АЕК-тен аспауы керек.

Бөлшек сауда салығының АСР құрамына 190 қызмет түрі кіреді.

Атап айтқанда, бөлшек сауда, автомобильдерді, киімдер мен жиһаздарды жөндеу, сонымен қатар сылақ, сырлау және ағаш ұстасы, қоғамдық тамақтандыру және жолаушылар тасымалы және басқа.

Бөлшек салық бойынша салық кезеңі - тоқсан.

Бөлшек салық бойынша декларация 913.00-нысанда, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша МКБ-ға есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешікпей беріледі.

Бұл норма 30 маусымдағы бұйрықпен бекітілген.

Шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.