Астанада бомбапанада болған өртті сөндіру кезінде өрт ошағынан үш адам оралған жоқ, олардың ішінде төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары бар

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Астанада бомбапанада болған өртті сөндіру кезінде өрт ошағынан үш адам оралған жоқ,

олардың ішінде төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары бар, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ықылас Дүкенұлы атындағы көшедегі технопарктің аумағында орналасқан бомбапананың ішінде сәрсенбі, ақпанның 17-сі күні өрт шықты, деп хабарлайды ведомстводан. Оның аумағы шамамен 500 шаршы метрді құрайды. Ал пананың жалпы ауданы - 1080 шаршы метр.

Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде өрт ошағынан үш адам оралмай қалды, олар: Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары В.Зайцев, департаменттің 6-шы өрт сөндіру бөлімінің бастығы Р. Кәкішев, 3-ші өрт сөндіру бөлімі қызметі бастығының орынбасары С.Әбеевтер.

Қазір оқиға орнында қызметкерлерді іздестіру және өртті сөндіру шаралары жалғасуда, деп хабарлады ведомстводан. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға департаменттің өрт сөндіру қызметінің 33 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылып отыр.