«Астанада желдің жылдамдығы секундына 18-22 метрге жетіп тұр. Дегенмен, болжам бойынша, кешкі сағат 18.00-ден кейін желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін бәсеңдейді. Қазір Астанаға ұшып келетін 10 рейс, Астанадан ұшып кететін 8 рейс кешігуде. Кешігу уақыты 3-10 сағат», - деді ол.
Астана әуежайының элекронды таблосындағы жаңарған ақпаратқа сүйенсек, ел ішінде Алматы, Өскемен, Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Жезқазған қалаларына, сыртқы рейстер бойынша Мәскеу мен Екатеринбург қалаларына ұшатын рейстер кешігіп отыр. Кешігіп жатқан рейстер туралы толық ақпаратты мына сілтемеге өтіп, біле аласыздар: https://ru.astanaairport.kz/?page_id=253