Аталмыш іс-шараға жоғары және кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің түлектері, жұмыссыз жастар қатысады. Жәрмеңке сағат 10:00-14:00 аралығында өтеді. Іс-шарабарысында 50-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Жәрмеңке барысында жас түлектер бос жұмыс орындары бойынша қажетті ақпарат алып, дипломдарына сәйкес жұмыс табуға мүмкіндік алады. Жұмыс берушілер үміткерлерінің іскерлік қасиеттеріне баға беріп, жұмысқа жас мамандарды тартады.
Аталмыш маңызды іс-шара жастар арасында жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізеді.