Астанада бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 мамырда елордадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, шараға 60-қа жуық жұмыс беруші қатысып, 500-ден аса бос жұмыс орнын ұсынады.

Атап өтерлігі, жыл басынан бері төртінші рет өткелі отырған жұмыс жәрмеңкесі 10:00-де басталып, 13:00-ге дейін жалғасады.