Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жұмыс берушілердің вакансиялар жәрмеңкесі 21 қазан күні, сағат 14.00-17.00 аралығында өтеді. Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді. Мекенжайы: Республика даңғылы, 34», - делінген әкімдік мәліметінде.




Фото: gov.kz