Астанада бойжеткен 15 қабаттан құлап кетті
14:06, 04 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада бойжеткен «Новый мир» тұрғын үй кешенінің 15-қабатынан тұрақта тұрған көліктің үстіне құлап түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол ауруханаға түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.