Астанада бір көше уақытша жабылады

АСТАНА.KAZINFORM - Астанада биылғы 25–27 маусым аралығында Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне дейінгі Нұржол бульварында маршруттық жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай жабылатын болады.

- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген қала әкімдігі хабарламасында.

Бұған дейін Астанадағы маңызды көшелердің бірінде жол төсеу жұмыстары жүргізілетінін жазған едік.

26–28 маусым аралығында Сығанақ көшесінде Арыс көпірінен (М-3) Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.