Астанада бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қарталы көшесінің Н.Тлендиев даңғылынан Ақан Сері көшесіне дейінгі аралықта жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Фото: gov.kz

Осыған байланысты 2-3 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.