Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

Фото: Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM — Бүгін № 18, 27, 47 автобустар бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС хабарлады.

— Құрметті жолаушылар! № 18, 27, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада 1 мамырдан бастап 14 автобус бағытының қозғалыс бағыты уақытша өзгеретінін жазған едік. 

Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетіп, қоғамдық көлікке бір күнде 1 млн астам адам мінген. 

Ал, Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады.