Астанада бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM – «City Transportation Systems» ЖШС елордадағы бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгергенін хабарлады.

Фото: CTS

Компания мәліметінше, «Шұғыла» және «Зират» аялдамаларында автобустардың тоқтауына уақытша мүмкіндік жоқ.

Осыған байланысты №4, 4А, 46, 54, 64, 65, 69, 71, 81, 120А, 306, 310, 311, 319 және 326 бағдарлары аталған аялдамаларда жолаушыларды уақытша отырғызбайды және түсірмейді.

Сонымен қатар №5, 5А, 8, 46, 54 және 64 бағдарларының қозғалыс сызбасы да уақытша өзгертілген.

Бұдан бөлек, «Байтұрсын ТҮК» аялдамасында да автобустардың тоқтауына мүмкіндік жоқ.

Сол себепті №11, 21, 32, 57, 65 және 507 бағдарлары бұл аялдамада жолаушыларды уақытша отырғызбайды және түсірмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 11 автобус бағытына өзгеріс енгізілгені хабарланды.