Астанада бірнеше автобустың бағдары уақытша өзгерді
05:32, 11 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада бірнеше автобус бағыттарына байланысты қозғалыс бағыты мен бірқатар аялдаманың жұмысы уақытша өзгертілді.
Бұл туралы 10 мамыр күні City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.
12 мамырдан № 307 бағдардың Қоянды ауылындағы қозғалыс сызбасы өзгереді. Сондай-ақ, жұмыс күнгі жүру кестесіне өзгеріс енгізіледі.
№ 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 120, 120А, 307, 317 бағдарлары «Көк базары», «Орда базары» аялдамаларында жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді.
№ 5, 5А, 8, 9, 11, 13, 22, 22А, 28, 31, 33, 55А, 60, 73, 80, 84, 505, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322, 327 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.
Айта кетелік Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше жабылған еді.