Астанада көше қиылыстарындағы ақаулы асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы уақытша толық жабылады.
Шектеулер келесі көшелерде қолданылады:
— Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Қуанышбаев көшесі — 10 маусым сағат 21:00–ден 11 маусым сағат 07:00–ге дейін;
— Ж. Нәжімеденов көшесі/Қ. Аманжолов көшесі — 12 маусым сағат 21:00–ден 13 маусым сағат 07:00–ге дейін;
— Ж. Нәжімеденов көшесі/С. Нұрмағамбетов көшесі — 13 маусым сағат 21:00–ден 14 маусым сағат 07:00–ге дейін;
— С. Нұрмағамбетов көшесі/А. Байтұрсынов көшесі — 14 маусым сағат 21:00–ден 15 маусым сағат 07:00–ге дейін.
— Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлау кезінде аталған ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын елордадағы Кенесары көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталатынын жазған едік.