Астанада бірнеше көше уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 15 мамыр күні сағат 21:00-ден 16 мамыр күні сағат 07:00-ге дейін Р. Қошқарбаев пен С. Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы толықтай жабылатын болады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Сонымен қатар, 15-17 мамыр аралығында келесі учаскелерде маршруттық жөндеу жұмысы жүргізіліп, қозғалыс ішінара шектеледі:

• Р. Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан Қордай көшесіне дейінгі аралығы;

• Р. Қошқарбаев даңғылының Ақжол көшесі жағынан Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі кіреберісі.

Еске сала кетейік, Астанадағы Сафуан Шаймерденов атындағы көше ішінара жабылады. Орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты С. Шаймерденов көшесінің Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ 15-18 мамыр аралығында Ш. Айтматов көшесінің Ұлы Дала даңғылынан Ж. Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскесі ішінара жабылатыны хабарланды.