Қаладағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында бірқатар құрылыс және жөндеу жұмыстары жоспарланған. Осыған байланысты көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Атап айтқанда, 4 сәуірден 4 мамыр аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол жабынына орташа жөндеу жүргізіледі. Қозғалыс ішінара шектеледі.
- 5 сәуірі мен маусым айы аралығында Е68 көшесінің А. Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскесінде құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.
- Б. Соқпақбаев көшесінің Ш. Бейсекова көшесінен К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскесінде құрылыс жұмыстары жалғасады. Аталған учаскеде көлік қозғалысы 5 сәуірден бастап қараша айына дейін толықтай шектеледі.
- «Абайдың 150 жылдығы көшесін Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейін салу» жобасы іске асырыла бастайды. Жоба аясында Бейбарыс Сұлтан көшесінен Сұлукөл көшесіне дейінгі аралық 5 сәуірден 10 қазанға дейін қозғалыс үшін толық жабылады.
Сонымен қатар, Кенесары көшесінде А. Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары басталады (2025 жылы Кенесары көшесінде Е. Брусиловский көшесінен Ә. Сембинов көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізілген). Жұмыстар 5–20 сәуір аралығында кезең-кезеңімен жүргізілідеді.
Қазіргі уақытта М. Тынышбаев көшесінде А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта да жұмыстар жүргізілуде.
Толық жабылатын учаскелерде автокөлік қозғалысы баламалы бағыттар арқылы ұйымдастырылады.
Басқарманың тарапынан автобус бағыты да өзгеретіні ескертілді.
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған көшелердің сызбасы карусельде ұсынылған.
Ал Алматы жол жөндеу жұмыстарына байланысты 6 автобус маршруты уақытша өзгеретінін жаздық.