Астанада бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен студенттер онлайн оқиды
19:46, 10 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада ақтүтек боран. Сол себепті оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
2026 жылғы 11 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Айта кетелік Павлодарда ақ түтек боранның салдарынан жол апаттары жиілеп, бір аудан жарықсыз отыр.