2026 жылғы 11 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Айта кетелік Павлодарда ақ түтек боранның салдарынан жол апаттары жиілеп, бір аудан жарықсыз отыр.