Астанада бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен республикалық кеңес өтеді

None
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Бүгін 17 сәуірде, Үкімет үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республикалық кеңес өтеді.

Кеңеске ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, орталық атқарушы органдардың, Президент әкімшілігінің басшылары, облыс әкімдері, Парламент депутаттары және басқалар қатысады.

Кеңесте Мемлекет басшысы сөз сөйлейді деп күтілуде.