Мәжіліс жұмысына Консультативтік кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдардың жауапты лауазымдық тұлғалары, және бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Мәжілісті ашу кезінде, Консультативтік кеңестің Төрағасы Е.Қ. Мамытбеков күн тізбесінің аса өзекті екендігін ескере өтті, себебі тұрғын үй құрылысы мәселелері Елбасының ерекше бақылауында және тұрғын үй құрылысында алданған үлескерлердің мәселелерін шешуден шет қалу мүмкін емес екендігін баяндады.
Бүгінгі күні астанада 45 проблемдық нысан бар (ол жалпы салынып жатқан ғимараттардың 1/6 бөлігін құрайды), олардың салынуына құрылыс компанияларымен үлескерлердің ақшалай қаражаттары тартылған, алайда олардың құрылысы ұзақ уақыт бойы аяқталмай жатыр.
Құқық қорғау органдарымен тұрғын үй құрылысына үлескерлердің ақшалай қаражаттары салу мәселелері бойынша 19 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Мәжіліс кезінде Астана қаласында үлескерлік құрылыс проблемалық нысандарының қала прокуратурасымен дайындалған сызбанұсқасы көрсетілді.
Отырыс қорытындыларын талқылау нәтижесінде Консультативтік кеңес әкімдікке Ортақ шаралар жоспарын дайындап, оның ішінде Бас прокуратураның «Алдаусыз үлескерлік баспана» жобасын жүзеге асыру үшін жәрдемдесуді ұсынды.
Сонымен қатар, мүдделі органдарға тұрғындар арасында олардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында, ақпараттық-түсіндіру материалдардын баяндау жолымен, түсіндірушілік жұмыстарды жүргізуді белсеңдету тапсырылды.