Астанада бүгіннен бастап тағы бір көше уақытша жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ақмешіт көшесіндегі жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 28-31 тамыз аралығында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелетін болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін а станада Қабанбай батыр даңғылы жөндеуге жабылды.