Астанада бүгін тағы бір көше жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Қорғалжын тас жолына жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлады.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Бұл жұмыстар мердігер ұйымның қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі. Осыған байланысты бүгін, 7 маусым күні жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылатын болады

- Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Фото: Астана әкімдігі

Айта кетейік, Алматыда Сайын көшесінің жалғасы 8 жылдан кейін ашылды.

Астанада демалыс күндері қай көшелер жабық болатынын жазған болатынбыз.