Астанада бүгіннен бастап түнгі автобус бағдары іске қосылды
21:00, 08 Маусым 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Жаз маусымына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы әрі қолжетімді болу үшін бүгіннен бастап түнгі автобус бағдары іске қосылады.
«8 маусымда қоғамдық көліктің № 201, 202, 203 түнгі бағдарлары іске қосылады», — деп хабарлады елорда әкімдігі.
Бағдарлар жұмысы маусымның 8-інен 9-ына ауысқан түні, сағат 00:00 басталады. Автобустар таңғы 06:00–ге дейін жүреді.