«Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Еңбекшілер көшесі мен Алаш тасжолында инженерлік желілер мен жол төсемін салу жұмысын бастады», - деленгін Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында .
Осы жылдың 13 мамырынан 1 шілдесіне дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Еңбекшілер көшесінің Бұқар Жырау көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.
Бұдан бөлек, 13-31 мамыр аралығында Алаш тас жолының Жолымбет көшесінен 191-көшеге дейінгі аралығында қозғалыс жартылай жабылды.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген басқарманың хабарламасында.