Астанада Бүкіләлемдік туристік ұйым Бас Ассамблеясының XVIII сессиясына орай ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді

trong>Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Астанада қазанның 4-і күні «Қазанат» ипподромында  ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат  Спорт комитетінің Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Аталмыш шараныҚР  Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және ҚР Ұлттық ат спорты түрлерінің қауымдастығы бірігіп ұйымдастыруда. Бұл бәсеке Бүкіләлемдік туристік ұйымның  (UNWTO) Бас Ассамблеясының XVIII сессиясына орайластырылып отыр. Қазанның 2-9 күндері өтетін бұл алқалы жиын биыл елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылуда. Оған  әлемнің 156 елінен 600 делегат қатыспақ.

         Ұлттық ат спорты түрлері фестивалінде     «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Ең сұлу сәйгүлік»  сындары өтіп,  жорға жарыс (7 шақырым), ұшқыр бәйге (2,4 шақырым),  бәйге (10 шақырым),  арбалы желіс аттар жарысы (1,6 шақырым) болады.  Сондай-ақ «NOMAD тобы» өнер көрсетіп,  концерттік бағдарлама қойылады.