деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәуелсіздік сарайында өтетін алқалы жиында Бас хатшының ұйымның қаржылық жағдайы туралы баяндамасы тыңдалады. Сонымен қатар, ЮНДТҰ-ның логотипін, аббревиатурасын пайдалану мәселелері қарастырылатын болады.
Кеңестің келесі сессиясының өтетін жері болып Астана қаласы тағайындалды. Сессия Бас ассамблеяның отырысынан кейін бірден, қазанның 9-ында өтеді.
Атқару комитетінің міндеті - ұйымның жұмыстары бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау, Бас хатшыға кеңес беру, ассамблея шешімдері мен ұсыныстарын жүзеге асыру. Кеңес жылына кем дегенде 2 мәрте бас қосады.
Естеріңізге сала кетейік, Атқару кеңесінің бұған дейінгі сессиясы Мали Республикасының Бамако қаласында өткен еді. Оған Қазақстан делегациясы да белсенді қатысқан болатын. Осы сессия барысында Қазақстан тарапының ұйымның бюджеттік қаражатына, ЮНДТҰ-ның имидждік өнімдеріне қатысты бастамасын басқа елдер зор қызығушылықпен қабылдаған болатын.
Айта кетейік, 2007 жылы қарашаның 26-сында Колумбияның Картахен қаласында өткен Еуропа үшін өңірлік комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан алғаш рет еуропалық аймақтың Ресей, Италия және Франция елдерімен тең дәрежеде оның құрамына сайланған болатын. Осылайша Қазақстан әлі де 2 жыл осы ұйымның қызметімен байланысты барлық шешімдердің қабылдануына қатысады.