Астанада бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні өтті
АСТАНА. KAZINFORM - «Таза Қазақстан» экологиялық кампаниясы аясында және «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» мерекесіне орай Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері жәнеЮНИСЕФ-тің экологиялық белсенділері ағаш отырғызу акциясын өткізді.
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Министрліктің мәліметінше, бұл Президенттің экологиялық жағдайды жақсарту бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыруда маңызды қадам болып саналады.
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
ТРЦ «Хан Шатыр» аумағында 100 ағаш (дуб, терек, клен) отырғызылса, Ботаникалық бақта 500 ағаш (алма, шие, ирга, жимолость, тал) отырғызылды. Акцияға 300-ге жуық қатысушы жиналды.
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында қоғамда тазалық мәдениеті орнығуы қажет екенін атап өтті.
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Айта кетейік, ел аумағында отырғызылған ағаштың 60 пайызы жерсінеді.
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.